Қаңтардан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы өсті
![]() |
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы өседі. |
Атап айтқанда, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң бойынша еркін бюджеттік тапсырыс құрамына Ішкі істер министрлігі ІІО қызметкерлерінің арнайы шендері үшін төленетін үстемақы көлемін өсіру ұсынысын жасалып, Республикалық бюджеттік комиссия 35 322,5 млн теңген құрайтын бұл ұсынысты қолдаған болатын.
Осыған орай, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы шендер үшін төленетін үстемақының өскен көлемі ескеріліп бекітілген қаржының орташа мөлшері нақтыланған. Атап айтқанда, аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, 20 жыл қызмет атқарған полиция полковнигі - 226 405 теңге (бұған дейінгі мөлшер 175 562 теңге); учаскелік полиция инспекторы, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция капитаны - 134 667 теңге (бұрынғы 100 618 теңге); жедел уәкіл, аудандық деңгейдегі тергеуші, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 117 733 теңге (бұрынғы 72 535 теңге);
орталық аппарат жедел уәкілі, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры 142 397 теңге (бұрынғы 97 199 теңге) алатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін