Caravan Logo

Қаңтардан бастап жылжымайтын мүлік құқығын электронды тіркеу енгізіледі

Қаңтардан бастап жылжымайтын мүлік құқығын электронды тіркеу енгізіледі

Бұл шара тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңды тұлғаларды тіркеу, тарату секілді рәсімдер де жеңілдетілетін болады. Бұл ретте заңнама арқылы интернетпен шағын кәсіпкерлікті тіркеудің ескертпе тәртібін енгізу қарастырылған болатын. Осылайша, кәсіпкерлер үшін іс ашып, бизнесті жасауға жеңілдіктер қамтылады.

Сонымен қатар, заңды тұлғаның қызметін тоқтату үшін қажетті құжаттар қатарынан 3 құжат, оның ішінде салық қарызының жоқтығы туралы анықтама алынып тасталады. Бұл үшін ондай анықтамаларды автоматты тексеру мүмкіндігі енгізіледі.