Қаңтардың 13-інен бастап елімізде он шақты жолаушылар пойызының кестесіне өзгерістер енгізіледі - ҚТЖ
Қаңтардың 13-інен бастап елімізде он шақты жолаушылар пойызының кестесіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі. |
Нақтырақ айтсақ, Алматыдан Мәскеуге қатынайтын №7 жүрдек пойыз «Төретам» станциясынан 8 минут, «Алматы-2» станциясынан 5 минут бұрын; №10 Астана-Алматы пойызы «Астана» станциясынан 8 минут, «Қарағанды» станциясынан 15 минут бұрын; №16 Петропавл-Алматы пойызы «Тайынша» станциясынан 9 минут, «Қарағанды Сортировочная» станциясынан 3 минут бұрын; №34 Алматы-Ақтөбе пойызы «Отар» станциясынан 22 минут бұрын аттанады.
Сонымен қатар, №42 және №41-ші Атырау-Алматы пойызы «Отар» станциясынан 9 минут бұрын; №43 Қостанай-Алматы пойызы «Қарағанды Сортировочная» станциясынан 25 минут, «Қарағандыдан» 23 минут, «Қалағыр» станциясынан 26 минут, «Жарық» пен «Ағадырданы» 25 минут, «Босаға» станциясынан 26 минут, «Мойынтыдан» 8 минут ерте қозғалады.
№45 Алматы-Павлодар пойызы «Вишневка» станциясынан 7 минут, «Осакаров» станциясынан 6 минут, «Мырза», «Қарағанды Сортировочная», «Қарағғанды», «Қалағыр», «Жарық» станцияларынан 5 минут бұрын жүреді.
№303 Алматы-Екатеринбург пойызы «Шамалған» станциясынан бұрынғыдан 29 минут бұрын, «Алматы-1» станциясынан 33 минут, «Алматы-2» станциясынан 25 минут; №305 Бішкек-Екатеринбург пойызы: «Шамалғаннан» 29 минут, «Алматы-1» - 33 минут, «Алматы-2» станциясынан 25 минут; №315 Ташкент-Екатеринбург пойызы «Шамалғаннан» 29 минут, «Алматы-1» станциясынан 33 минут, «Алматы-2» станциясынан 25 минут ерте аттанады.
Ал, №304 Екатеринбург-Алматы пойызы: «Смирнов» станциясынан 3 минут, «Макинкадан» 2 минут, «Ақкөл» - 4 минут, «Шортандыдан» - 2 минут, «Шамалғаннан» 9 минут, «Алматы-1» станциясынан 10 минут; №327-ші Қостанай-Қарағанды пойызы: «Макинкадан» 8 минут, «Елтайдан» 7 минут, «Ақкөл», «Шортанды», «Төңкеріс», «Астана» станцияларынан 5 минут, «Қырқыншы», «Бабатай» станцияларынан 3 минут, «Вишневкадан» 2 минут бұрын жөнелтіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін