Қаңтар-маусым аралығында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 69 415-ті құрады
2011 жылғы қаңтар-маусым аралығында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 69 415-ті құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды. |
Агенттіктің таратқан мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы маусым айында тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 14 мың 440-ты құраған. Бұл оның алдындағы аймен салыстырғанда 15,9 пайызға өскенін білдіреді. Ал 2011 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12 пайызға артқан.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін