"Қанша аш болсаң да, аузыңа бір түйір нан салуға болмайтын да жерлер болады": Сәуле Әбілдаханқызы тәжіктердің жәрмеңкесіндегі жағдай туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қанша аш болсаң да, аузыңа бір түйір нан салуға болмайтын да жерлер болады": Сәуле Әбілдаханқызы тәжіктердің жәрмеңкесіндегі жағдай туралы

"Қанша аш болсаң да, аузыңа бір түйір нан салуға болмайтын да жерлер болады": Сәуле Әбілдаханқызы тәжіктердің жәрмеңкесіндегі жағдай туралы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы тәжіктердің жәрмеңкесінде болған ұят жағдайға байланысты пікір білдірді.

  • 29 Тамыз 2023
  • 124
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Иә, халық аш. Оны білеміз. Білгендіктен, халықтың қарнын тойдыру үшін біршама әрекеттер де жасағанбыз. Сонда надандар мен тойымсыздар, қанағатсыздар мен тексіздер ешқашан тоймайтынына көзіміз жеткен… (Олар төменде ғана емес, жоғарыда да бар… өте көп…)

Сонда біздің көзіміз жетті: рухани, морально аш адам ешуақытта тоймайды екен. Оларда тойыну сезімі, қанағатшылдық сезімі деген болмайды. Миында, ағзасында ондай функция (гармон) жоқ…

Рухани тоқ адамның қарны да тоқ болады. Аш болса да, арсыздыққа, ұятсыздыққа бармайды. Ұялу, арлану, намыстану сезімі күшті оларда…

Ораза кезін алыңыз. Бір табан болса да, Құдайға жақындағыңыз келеді. Күнұзақ аш жүресіз. Шыдайсыз. Тіпті, бірте-бірте үйреніп кетесіз. Қарныңыз ашпайтын болады…

Мұхаммед пайғамбарды алыңыз. Құдай оны тойдырып қойған екен. Қарны ашу деген сезім болмайды екен. Кұнұзақ бір құрма, бір ұрттам сумен де жүре береді екен…

Тамақсау, тойымсыз, мешкей адамдарды ұнатпаймын…


Алудың да, жеп-ішудің де өз мәдениеті бар… қанша аш болсаң да, аузыңа бір түйір нан салуға болмайтын да жерлер болады…

Негізі, соңғы кездері сөйлеуге де, жазуға да көп желание жоқ…

"Платформаны" көре салыңыздар…

(Күніне қанша рет, қанша тамақ жейсіздер?..)) мен таңертең 1 бокал балсу, сәлден соң 1 бокал кофе ішемін. Болды. Сонымен кешке дейін жүре берем. Түсте тамақ ішпеймін. Қарным ашпайды. Кешке ғана аздап қарным ашады. Шөлдегенде су ішемін. Кешке көбінесе 1 тәрелке сорпа. Кейде второй… 2 жылдан бері ағзам осыған әбден үйренген… "Болмасам да ұқсап бағайын" деп…))

Мүмкін мұндай рацион денсаулығыма зиян шығар, білмеймін, әзірге еш жерім аса қатты мазалаған емес… бірақ осы енді… пыросто қарным ашпаған соң тамақ іздемеймін", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.