Қант диабеті дертіне шалдыққан Қазақстан азаматтарына арнайы төлқұжаттар беріледі - Қазақстан қант диабетіне шалдыққандар қауымдастығының төрайымы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қант диабеті дертіне шалдыққан Қазақстан азаматтарына арнайы төлқұжаттар беріледі - Қазақстан қант диабетіне шалдыққандар қауымдастығының төрайымы

Қант диабеті дертіне шалдыққан Қазақстан азаматтарына арнайы төлқұжаттар беріледі - Қазақстан қант диабетіне шалдыққандар қауымдастығының төрайымы

Бүгін, 21-маусымда Алматыда қант диабеті дертіне шалдыққандарға табыс етілетін арнаулы төлқұжаттың тұсаукесері өткізілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2004
  • 1534
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның қант диабетіне шалдыққандар қауымдастығының төрайымы Наталья Тукалевскаяның айтуынша, «Отан» партиясының қолдауымен шығарылған бұл құжат аталмыш дертке шалдыққан адамдар үшін баға жетпес құжатқа айналмақ». Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылған қазақстандық құжатта ауырған адам, оны емдеуші дәрігер мен ауру қозған жағдайда көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар туралы жазылған. «Төлқұжат қант диабетіне шалдыққандарға сапарға шыққан кезде қажет. Адамның қалтасында шприц жүруі кедендерде түрлі сұрақтардың туындауына әсер етеді, ал адамның көшеде немесе даңғыл ортасында екпе егілуі биліктің көңілінен шықпайтыны анық. Сондай-ақ, қант диабетіне шалдыққан адам ес-түсінен айрылып қалған жағдайда дәрігерлер оның қалтасындағы төлқұжатты тауып, оған дер кезінде көмек қолын созуы, тіпті науқастың өмірін сақтап қалуы да мүмкін»,- дейді Н.Тукалевская.

2004-жылдың маусым-шілде айларында осындай төлқұжаттар елімізде тіркелген қант диабетіне шалдыққандарға жаппай беріледі.
Н.Тукалевскаяның пікірінше, «қазіргі таңда Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан 110 мың адам тіркелген. Ал шын мәнінде, олардың нақты саны шамамен 3,4 есе артық, яғни, еліміздегі қант диабетіне шалдыққандардың жалпы саны жарты миллионға жуық».
«2003-жылғымен салыстырғанда, 2004-жылы Қазақстандағы қант диабетіне шалдыққандар саны 18-20 процентке артты. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде жыл сайын қант диабетіне шалдыққан 5 мыңдай адам қайтыс болады»,- деді Н.Тукалевская.

Перейти к новостям спорта