Қант неге қымбат: шенеуніктердің қылмысы әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қант неге қымбат: шенеуніктердің қылмысы әшкереленді

Қант неге қымбат: шенеуніктердің қылмысы әшкереленді

 

  • 11 Тамыз 2022
  • 48
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысында шенеуніктер мен кәсіпкердердің қылмыстық схемасы әшкереленді. Соның салдарынан халыққа қант 10 проценттің орнына 100% үстеме бағамен сатылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ANTIKOR News

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәліметке сәйкес, облыстық әкімдік пен "Тобыл" әлеуметттік кәсіпкерлік корпорациясы қант тапшылығын шешудің орнына кәсіпкерлермен ауыз жаласып, тұрақтандыру қорындағы қантты таныстарына 420 теңгеге сатқан. Ал бизнесмендер әкімдік пен корпорация қызметкерлеріне "алғыс" ретінде 100-500 келі қантты үлестірген. Сосын өз шығынын қайтару үшін халыққа құмшекерді 10 емес, 100 процент үстемеақымен сатқан.

"Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 келі қант табылып тәркіленді. Барлығы тұрақтандыру қорына қайтарылды", — делінген ресми хабарламада.


Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Өзге ақпарат жарияланбайды.