Қант, қырыққабат, күріш, тауық еті неге қымбаттауда - министр жауабы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қант, қырыққабат, күріш, тауық еті неге қымбаттауда - министр жауабы

Қант, қырыққабат, күріш, тауық еті неге қымбаттауда - министр жауабы

Қант, қырыққабат, күріш, тауық еті қымбаттап жатыр.

  • 26 Қараша 2018
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптамен салыстырғанд, бағалардың индексі 0,2 пайызға өсті. Жылдың басынан бері бағалардың жоғарлауы 1,9 пайызды құрап отыр. Бағлалардың өсуі қант, қырыққабат, күріш, тауық еті сияқты азық-түлік өнімдерінде байқалуда. Азық-түлік тауарлары бағаларының негізгі өсу себептері ЕАЭО нарығында өнімдердің қымбаттауы, сондай-ақ өзіндік құн құрылымындағы үстеме шығыстардың өсуі болып табылады», — деді ол. Осы орайда, министр қант, қырыққабат, күріш, тауық етінің қымбаттауына не түрткі болып отырғандығын да ашық айтты. «Қазақстандық қанттың елеулі бөлігі импорттық шикі қанттан өндіріледі. Осыған байланысты, қанттың ішкі бағалары қант нарығындағы жалпы әлемдік үрдістердің және бірінші кезекте Ресей Федерациясының нарығындағы жағдайдың әсерінен өсіп келеді. Ағымдағы жылғы 9 айда қырыққабат экспорты ұлғайып, 18,6 мың тоннаны құрды. Осыған байланысты, қырыққабаттың бағасы басқа көкөністермен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Маусымдылық пен сақтау шығындарына байланысты баға алдағы уақытта да өсуі мүмкін», — деді министр. Ал Т.Сүлейменовтің сөзіне сенсек, күріш бағасының артуына жанар-жағармай мен коммуналдық шығыстар бағаларының көтерілуі себеп болған. «Тауық етіне бағаның өсуі, негізінен, құс етінің шамамен 50 пайызы АҚШ-тан импортталатынына байланысты. АҚШ доллары бағамының өсуі импортталатын тауық етінің қымбаттауына алып келуде. Бұған дейін ресейлік күнбағыс майын Түркияға экспорттау бойынша баж салығы 36%-ды құрады. Осы баж салығының күші жойылғаннан кейін ресейлік күнбағыс майының экспорты түрік нарығына қайта бағытталды», — деді министр.