Қаныбек Сағынбаев «Бильярд аңыздары» турнирінің жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаныбек Сағынбаев «Бильярд аңыздары» турнирінің жеңімпазы атанды

Қаныбек Сағынбаев «Бильярд аңыздары» турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін Алматыда бильярдтың «Мәскеу пирамидасы» түрінен «Бильярд аңыздары» турнирінің ақтық сыны өтті.

  • 2 Шiлде 2012
  • 667
Фото - Caravan.kz


Онда қарағандылық спорт шебері Санат Гинаятовтан 5:2 есебімен басым түскен Қырғыз Республикасының астанасынан келген Қаныбек Сағынбаев жеңіске жетті. Ал алматылық Эмиль Мударисов пен Гарри Акопов қола жүлдегер атанды. 29 маусымда басталған бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінен түрлі халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүрген 24 спортшы қатысқан болатын. Жеңімпаз 1 миллион 36 мың, күміс жүлдегер 740 мың, қола жүлдегерлер 296 мың теңгеден жүлде алды. Ал үздік сегіздіктің қатарына енген мәскеулік Антон Мерцалов пен Евгений Сталев, барановичилік Януш Маркоцинский (Беларусь) пен шымкенттік Ильдар Мингазитдинов қоржындарын 148 мың теңгеге толықтырды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера