Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың жұмыс істемей тұруы судың қатып қалуына және Қарағанды мен Екібастұз қалаларында желтоқсанда су қамтамасыздығына қатысты апатты жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін - Рябцев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың жұмыс істемей тұруы судың қатып қалуына және Қарағанды мен Екібастұз қалаларында желтоқсанда су қамтамасыздығына қатысты апатты жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін - Рябцев

Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың жұмыс істемей тұруы судың қатып қалуына және Қарағанды мен Екібастұз қалаларында желтоқсанда су қамтамасыздығына қатысты апатты жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін - Рябцев

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың жұмыс істемей тұруы судың қатып қалуына және Қарағанды мен Екібастұз қалаларында желтоқсанда су қамтамасыздығына қатысты апатты жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қараша 2008
  • 1345
Фото - Caravan.kz

«Ең қорқыныштысы — желтоқсанда қатты аяз болады деп күтілуде. Біз каналдың жұмыс істемей тұруы судың қатып қалуына алып келе ме деп қорқамыз. Яғни, біз бүгін жұмыс істемей тұрсақ, каналға су айдамасақ, ал жұмыссыз тұрған кезде каналдағы су қатып қалуы мүмкін. Онда апат болды дей беріңіз «, — деді А. Рябцев.

«Әзірге өзгерген ештеңе жоқ, қазір біз облыс әкімдерімен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші кезекте облыстар берешекті өтеуге барлық шараны қолдансын деген үкімет басшысы орынбасарының тапсырмасы бар. Яғни, үкімет тарапын қаржылық қолдау берешек өтелген жағдайда ғана жасалады», — деді комитет төрағасы.

«Кеше біз вице-премьер Өмірзақ Шүкеевпен кездестік, оған мәселе осы қырынан қойылды. Сол себепті біз облыс әкімдеріне хабарландырулар жібердік. Бізді қазір алаңдатып отырған нәрсе- ақшаны кім беретіндігі емес, бізге каналмен есеп айырысу ғана қажет. Каналдың ешбір айыбы жоқ, ол осы ақшаны тапты, енді берешекті өтеу керек. Сол себепті қазір күте тұруға тура келіп отыр. Бүгінгі күні канал жұмыс істемей тұр», -деді А. Рябцев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жақын күндері Қарағанды мен Екібастұз қалалары жылу және сумен қамтамасыз етілмей төтенше жағдай болуы ықтимал. Бұл туралы «Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың» төңірегіндегі мәселелерге байланысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев 14 қарашада мәлімдеді.

Соңғы жылдары осы каналдың суын пайдаланып отырған Қарағанды мен Екібастұз қалаларының «Қ. Сәтбаев каналы» РМК-на көп мөлшердегі қарыздарын өтемеуі, мекеменің тұрақты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отыр.

2008-ші жылғы қарашаның 1-не дейінгі мәлімет бойынша, негізгі дебиторлық қарыздар 940,1 млн теңгеге жеткен.

2008-ші жылғы қаңтардың 1-гі мәлімет бойынша, «Қарағанды су» ЖШС-нің каналға берешегі 625,0 млн теңгеге жеткен. Қарыздарды қайтару жөнінде биыл 1-қарашада Канал мен ЖШС арасында бекітілген кестеге сәйкес, 525,2 млн теңге қарыздың 340,0 млн теңгесі қайтарылып, 185,2 млн теңге қарыз қалуы керек болатын.

Ал, 2008-ші жылғы 1 қаңтардағы «Екібастұз су» МКК-нің Канал алдындағы қарызы 400,0 млн теңгені құраған.

Осы жылдың мамыр айында Павлодар облысы әкімімен қол қойылған келісім бойынша, қазанның 1-не дейін «Екібастұз су» МКК өз қарызынан құтылуы тиіс болатын. Дегенмен, дәл бүгінгі күнге дейін Павлодар облысы әкімшілігі мен «Екібастұз су» МКК-і қарызды қайтару туралы міндеттемелерін орындаған жоқ. Бұған дейінгі қарыздың үстіне осыдан кейін өткен он айда тағы 14,9 миллион теңге қосылған. Сөйтіп МКК-нің қарызы 2008-ші жылғы 1 қарашада 414,9 млн теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы премьер -министрінің 2008 ші жылғы 4-тамыздағы селекторлық кеңесте берген тапсырмасына қарамастан, Қарағанды мен Павлодар облыстарының әкімдері «Қ.Сәтбаев каналы» РМК алдындағы қарыздарын қайтаруға ешқандай шара қолданбай отыр.

Осыдан келіп электр қуатын жеткізіп беретін кәсіпорындарға («АЭС Екібастұз» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС 2 станциясы» АҚ) Каналдың қарызы биыл қарашаның 1-де 85,8 млн теңгеге, ал, электр энергиясын тасымалдаушы («КЕГОК» АҚ, мен «КРЭК» ЖШС және басқада нысандар) алдындағы берешегі 275,3 млн теңгені жеткен. Бұл қарыздардың жалпы мөлшері 361,1 млн теңге.

Қазір осы жағдайға байланысты электр энергиясын сататын Екібастұз станциясы мен электр энергиясын тасымалдаушы (КЕГОК, КРЭК) «Қ. Сәтбаев каналы» РМК-на беріліп келген электр қуатынан ажыратты.

Қазір Каналдың қыстың күні өз қауқарында жұмыс істеуге ешқандай дайындығы жоқ. Су торабындағы 118,0 млн. текше метр судың мөлшерден аз болуы аязды күндері су қоймасында судың қатып қалуына әкелуі мүмкін.

Егер каналдың қаржылық жағдайына қатысты шұғыл түрде қажетті шаралар қолданылмаса, жақын күндері Қарағанды мен Екібастұз қалаларын жылу және сумен қамтамасыз етілмей төтенше жағдай орын алуы ықтимал.

Каналдағы су тарифі 2002 — ші жылдан бері өзгермеген, есесіне осы уақыт аралығында электр энергиясының құны 1,3 тен 3,0 теңгеге дейін үш есе қымбаттады. Содан бері аталған кәсіпорындағы шығындардың 55 пайызын электр энергиясы құрайды. Электр қуатына қатысты шығын жылдан жылға ұлғайып келеді.

Бұдан әрі Каналды шығынға батырмас үшін, 2009 шы жылдың 1- ші қаңтарынан бастап тұрғындарға берілетін 1текше метр судың бағасы 12,56 теңгеге, ал өндірістік кәсіпорындардағы осынша мөлшердегі су жіберу ақысын 15,84 теңгеге дейін көтеру қажет.

Жұмысшылардың айлық жалақысы да уақытында берілмегендіктен канал ұжымындағы жағдай да күрделеніп тұр. Егер айлық табыстың екі айдан бері төленбегенін ескерсек, ондағы жағдай кез келен уақытта бақылаудан шығып кетуі мүмкін.

2008 ші жылғы қарашаның 11-і күні өткен кәсіпорын жиналысында -егер Каналдағы қаржылық жағдайға қатысты дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаса, бұдан әрі Қарағанды мен Екібастұз қалаларына жіберілетін суды шектеу туралы шешім қабылданды.

Каналдың мойнына жүктелген 2008 — 2009 шы жылғы күз және қысқы маусымындағы қажетті жұмыстар мен су қоймасындағы су тапшылығын тиісті деңгейге, яғни 93,0 млн текше метрге жеткізу үшін 1287,0 млн теңге қажет.

Жоғарыда көрсетілген қаржы мөлшері шешімін таппаса, канал өз жұмысын біржола тоқтатады. Ал мұның соңы қысқы маусымда Орталық Қазақстандағы тұрғындар мен өндіріс ошақтарын жылу және сумен қамтамасыз етуде үлкен шығынға соқтыруы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар