Әкімдіктің хабарлауынша, бұл мәселе бақылауға алынған.
«Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың қызметтік этика нормаларын бұзуына байланысты, бұл оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерінің 25-тармағына сәйкес Алматы облысы этика бойынша кеңестің қарауына жіберілді. Қаралым қорытындылары туралы қосымша хабарланады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жақында кейбір БАҚ-та Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың азаматтарды қабылдау барысында келушілердің бірімен дөрекі сөйлескен видеосы жарияланған еді.