Қапшағайда екі турист демалыс базасының әкімшісін сабап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайда екі турист демалыс базасының әкімшісін сабап тастады

Қапшағайда екі турист демалыс базасының әкімшісін сабап тастады

Бос орын таба алмаған екі турист демалыс аймағының әкімшісін ұрып тастаған. Сосын жайбарақат кете барған. Төбелеске екі қыз қатысқан.

  • 2 Тамыз 2016
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Демалыс базасының басшысы мен әкімшісі өздерін Алматыдан Қапшағайға демалуға келген туристер ұрып кетті деп хабарлады.

“Жас қыз келіп орын сұраған кезде, Катя әзірге бос орын жоқ екенін айтты”, – дейді база қожайыны Любовь Рудяк.

Мұндай жауап келушілерді қанағаттандырмапты. Ашуға мінген туристер сол жерде дау шығарған. Олардың біреуі құқық қорғау органында қызмет ететінін айтып, қорқытыпты. Содан соң әйелдерге жұдырық ала жүгірген. Қожайын үшін сол жерде әкімші болып істейтін оның қызы араласып араша түскен. Сол кезде Катериан Игнашеваға бір жігіт, екі қыз жабылып кетеді.


“Бұл қыздар Катяны жан-жақтан ұрып, төпелей бастады. Ал ақ жейде киген жігіт болса ол да ұрып жатты. Күйеуім Катяны тартып алуға талпынды”, – дейді база меңгерушісі.

Бұзақылар демалыс аймағында қыдырып жүрген жерлерінен екі сағаттан соң табылған. База қожайыны полицияға шағым түсірген. Қазір күдіктілер ұсталды. Тергеушілер олардың құқық қорғау органдарына қаншалықты қатысы барларын тексеріп жатыр.

Қапшағай ішкі істер басқармасы тергеушісі Медет Қасымбековтың айтуынша, қазіргі таңда “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қақтығысты бастаушылар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.