Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, жаңа жарлықта ойын мекемелерінің, казинолардың, сондай-ақ ойын ойнатылатын ғимараттардың жұмысына тыйым енгізілді.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын сағат 23.00-ге дейін ұзартты.
Тамақтандыру объектілерінің жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды. Демалыс күндері олардың жұмысына тыйым салынады.
Сондай-ақ, жаңа қаулы монша, сауналардың, спа-орталықтар 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс уақытын белгілейді.
Регламент 22 қараша сағат 07: 00-ден бастап күшіне енеді.