Қапшағайдағы казинодан 400-ден аса жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайдағы казинодан 400-ден аса жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр

Қапшағайдағы казинодан 400-ден аса жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр

Қапшағайдағы «Алтын Алма» казиносының жұмысшылары үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Айтуларынша, 420 адамның ала алмай жүрген ақшасы 120 миллион теңгеге жетеді.

  • 12 Маусым 2018
  • 104
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Шарасыз күйде қалған тұрғындар Қапшағай қалалық әкімдігіне барып, жергілікті биліктен көмек сұрады. Ал шаһар басшысы Талғат Қайнарбековтің  сөзінше, бұл казиноның 4 құрылтайшысы бар. «Сол құрылтайшылардың арасында ауызбіршілік жоқ. Сондай-ақ  еңбекақыларын ала алмай жүрген жандардың көбісінің аталған мекемемен келісімшарттары жоқ», — деді Т. Қайнарбеков. Енді бұл мәселеге қала билігі мен прокуратура қызметкерлері араласады.

 

Соңғы жаңалықтар