Қақаған аязда Приозерскіні жылусыз қалдырған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қақаған аязда Приозерскіні жылусыз қалдырған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

Қақаған аязда Приозерскіні жылусыз қалдырған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

Қаңтар айында Приозерск қаласында орын алған төтенше оқиғаға  кінәлі шенеунікке қатысты сот үкімі шықты. Жылыту маусымына дайындықты бетімен жіберіп, қыстың көзі қырауда тұтас қаланы қатырып тастаған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы бастығы бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

  • 10 Маусым 2011
  • 333
Фото - Caravan.kz


Сотта шенеуніктің қызметіне салақтық танытқаны дәлелденді. Приозерск қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы бастығы Осман Қаланбаев жылу электр станциясындағы ахуалды қараусыз жіберген. Ал оны бақылау тікелей міндетіне кірсе де, жалғыз қазандықтың жұмысын уақытылы тексеріп отырмаған. Соның салдарынан қаңтардың қақаған аязында 13 мың халқы бар қала мен әлеуметтік нысандар екі апта бойы жылусыз қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар