Апат Әбу-Даби қаласының маңында футболшы кезекті жаттығуынан үйіне қайтып келе жатқанда болған. Оның көлігі жүк көлігімен соғысып қалған.
Апатта футболшының інісі де зардап шегіп, ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, футболшының өлімі де, апат та жұмбаққа толы, бәлкім бұл кек алу шығар деген алып-қашпа әңгімелер жүр. Дегенмен, көпшілік бұл оқиғаның кездейсоқтық екеніне сенеді.
Естеріңізге сала кетейік, Авананың есімі Ливан құрамасымен болған кездесуде соққан пенальтиінен кейін әлемге танылды. Бұл он бір метрлік айып добын футболшы өкшесімен теуіп салған еді, сөйтіп бұрын соңды болып көрмеген «тапқырлығымен» қақпашының «аузын аңқитып» кеткен. Футбол жанкүйерлері мен мамандары бұл әрекетті арсыздық деп танып, Авананы кешірім сұрауға дейін мәжбүрлеген болатын.