Жарияланды: 290

Қар алматылықтарды жер астына түсуге мәжбүрледі

Алматыда желтоқсанның басында түскен қалың қар метрополитендегі жолаушылар ағынын біршама көбейтті, деп қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талғат Әбдірахманов мәлімдеді.

«Орташа алғанда күніне шамамен 20 мың жолаушы тасымалданатын, соңғы екі аптада метрополитен күніне 26 мыңнан 26,7 мыңға дейін жолаушы тасымалдай бастады», - деп Т.Әбдірахманов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті. Бұрын хабарланғандай, Алматыда 1 желтоқсанда қалың жауған қар салдарынан 282 ағаш құлап, үш мыңнан астам ірі бұтақтар сынған. Бәр тәулік ішінде қардың қалыңдығы 50 см, таулы аймақтарда 76 см жетті. Осы уақытқа дейін қаланың кей жерлерінде қар әлі үйіліп жатыр, әсіресе жол шеттеріне көлік қою қиындады, соқпақ жолдарда құм себілгеніне қарамастан мұз қатып жатыр. Қаланың кейбір жерлерінде сынып түскен ағаш бұтақтары жиналмаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін