Қар құрсауында қалған жандарға көмек бір тәуліктен кейін де келген жоқ - Алматы облысы
Алматы облысының Алакөл ауданында үш адам қар құрсауында қалып, көмек күтіп отырғанына бір тәуліктен аса уақыт өтті. |
Әскерилердің техникасы - жыланбауыр жүрісті тіркейтін көлік тапсырманы орындай алмай, базаға оралды. Бейресми ақпарат бойынша, ол жолдан адасып, қарға малтығып қалған.
Бұрын хабарланғандай, Алматы облысының Алакөл ауданында үш адам - екі ер адам мен бір әйел табиғаттың дүлей күшінің тұтқындарына айналды. Талдықорғандықтардың Достық стансасына қарай бара жатқан ГАЗель жүк көлігі Ырғайты аралығынан өтетін көпірден бірнеше шақырым жерде тоқтап қалды. Олардың қозғалысына қар кедерді болды.
Алматы облыстық ТЖД-не көмек туралы өтініш таңғы сағат 8:30-да келіп түсті, бірақ адамдар оны кешкі сағат 19-ға дейін күтті. Сегіз сағаттан кейін оларда бензин таусылып, көліктің іші суып кетті.
Алакөл аудандық ТЖБ-нен хабарлағандай, көмек өтінішін алғаннан кейін адамдарға «Урал» көлігі жіберілді, бірақ қатты жел, бұрқасын және нашар көрінушілік салдарынан ол Үшарал аудан орталығынан алысқа шыға алмады. Бұдан кейін құтқарушылар әскери қызметкерлерден көмек сұрады. 40398 әскери бөлімінің мотоатқыштар бригадасынан тіркеп сүйрейтін көлік, УАЗ және КамАЗ жіберілді. Техника кешкі сағат 16:15-те ғана шықты, бірақ олар белгіленген жерге жете алмай қайтып келді.
Ырғайты ауданында ауа температурасы түнде 35 градус аязды көрсетті, бұл кездегі жел жылдамдығы секундына 25-30 метр болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін