Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанның 9 облысында дауылды ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанның 9 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанның 9 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазгидрометтің синоптиктері жұма күні Қазақстанның аймақтарында ауа райының қолайсыздығы туралы ескертті.

  • 23 Қазан 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Скандинавия аймақтарынан келетін циклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Тек елдің оңтүстік-батысында Солтүстік-Батыс антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

23 қазанға қараған түні Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус аяз күтіледі.

Түркістан облысында кей жерлерде жел секундына 15-20 метр күтіледі. Түнде облыстың кей жерлерінде 2 градус аяз күтіледі.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде көктайғақ болады, қар жауады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Алматы облысында таулы аудандарда нөсер жауын жауады, кей жерлерде жел секундына 17-22 метрге жетеді. 

Ақмола облысында көктайғақ, бұрқасын болмақ. Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.


Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тұман күтіледі, күндіз Батыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Нұр-Сұлтанда түнде минус 3-5 градус, күндіз 0-2 градус болады. Қар жауады деп болжанды.

Алматыда түнде ауа температурасы + 5-7 градус, күндіз 8-10 градус болады.

Шымкентте түнде + 3-5, күндіз 11-13 температура деп болжанды

Соңғы жаңалықтар