Қара алтынның үстінде отырған қазақ елінде жанармай бағасы тағы көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қара алтынның үстінде отырған қазақ елінде жанармай бағасы тағы  көтерілді

Қара алтынның үстінде отырған қазақ елінде жанармай бағасы тағы көтерілді

Елімізде жанар-жағармай тағы да қымбаттады. Бірақ бензин бағасы біркелкі емес. Алайда көп жерде жоғары октанды жанар-жағармай ақысы 100 теңгеден асады.

  • 2 Маусым 2011
  • 390
Фото - Caravan.kz


Мәселен, Астанада АИ-92 маркалы бензин — 103 теңге.  Алматыда — 101 немесе 102 теңге. Мұнай мен газ министрлігіндегілердің айтуынша, бұл өзгерістер маусым айында жаңа баға шегінің қойылуына байланысты орын алуда. Осылайша құзырлы органдар АИ-92/93 маркалы жанаржағармай үшін ең жоғары баға — 102 теңге деп бекітті, АИ-80 – 84 теңге, және дизельді отын 88 теңгеден сатылатын болды. Біздегі бензиннің бірінші кезекте Ресейде белең алған тапшылықтың салдарынан қымбаттағаны белгілі. Шикізатты өңдеу мүмкіндіктері аз болғандықтан, Қазақстан көршілес елден жоғары октанды бензиннің 30 пайызын сатып алуға мәжбүр.

Соңғы жаңалықтар