Қара теңіз және Каспий бассейні елдерінің өкілдері Бакуде айлақтар мен терминалдардағы сауда-саттық пен тасымалға түрткі болу мәселелерін талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қара теңіз және Каспий бассейні елдерінің өкілдері Бакуде  айлақтар мен терминалдардағы сауда-саттық пен тасымалға түрткі болу мәселелерін талқылауда

Қара теңіз және Каспий бассейні елдерінің өкілдері Бакуде айлақтар мен терминалдардағы сауда-саттық пен тасымалға түрткі болу мәселелерін талқылауда

ТРАСЕКА бағдарламасы аясында Баку қаласында "Айлақтар мен теңіздегі тасымал" тақырыбы бойынша транспорт саласының басқарушы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін тереңдетуге бағытталған бес күндік семинар өтуде. Семинарға Қара теңіз бассейні елдерінің (Болгария, Грузия, Румыния, Түркия және Украина) және Каспий аймағындағы үш елдің (Әзербайжан , Қазақстан және Түрікменстан) айлақ өкілдері қатысуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

  • 16 Қараша 2004
  • 478
Фото - Caravan.kz

20-қарашаға дейін созылатын семинарда айлақтар мен терминалдардағы сауда-саттық пен тасымалға түрткі болу мәселелері, қауіпсіздік саласындағы мынадай жаңалықтар, атап айтсақ, халықаралық нұсқаулар мен директивалар, кеден және айлақ инспекциясы, айлақтар мен терминалдарда қолданылатын бақылау және инспекцияға қатысты жаңа технологиялар, айлақтарды басқару және пайдалану мәселелері, айлақтарды жекешелендіру құралдары, айлақтардағы мультимодальды тасымал және логистика мәселелері сарапқа салынады.

Әзербайжан көлік министрінің орынбасары Муса Панаховтың өз сөзінде атап көрсеткеніндей, кейінгі жылдары Қара және Каспий теңіздеріндегі айлақтардың жұмысы жақсара түсті. Оның айтуынша, айлақтардағы жаңалау жұмыстарына байланысты теңіздегі тасымалға қатысты проблемалар азайды. Сондай-ақ, Әзербайжан аумағы арқылы өтетін тасымалдардың басым бөлігі мұнай және мұнай өнімдері сынды қауіпті жүкке жататындықтан айлақтар мен теңіз тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы артты.
Қазақстаннан бұл семинарға Ақтау теңіз айлағының корпоративтік даму басқармасының бастығы Дәурен Құтпанбаев пен ҚР көлік және коммуникация министрлігінің су транспорты департаментінің басқарма бастығының орынбасары Виталий Барчан қатысуда.

Перейти к новостям спорта