Қарағанды әкімі күніне 5 шақырым жаяу жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды әкімі күніне 5 шақырым жаяу жүреді

Қарағанды әкімі күніне 5 шақырым жаяу жүреді

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қаланы қалай жаяу аралап шыққанын айтып берді.

  • 16 Қыркүйек 2016
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қала басшысы, билік өкілдері шынайы жағдайды тек көлігінің терезесінен ғана көреді деген халық сынын жоққа шығарды.

“Әрине, жазда қоңыр салқын, ал қыста жып-жылы кабинетте отырып, сыртқа тек көлігіңнің терезесінен көз жіберу – өте ыңғайлы. Бірақ, қала әкімінің жұмыс ерекшелігі басқа мемлекеттік қызметкерлерге қарағанда біраз айырмашылыққа ие. Яғни, бұл қызметте жүріп кеңсеге байланып қалуға болмайды. Бүгін, мәселен мен үш көшені аралап шықтым. Сіздерге ашығын айтайын, мен тымм ерте тұрып қаланы жаяу аралаймын”, – деді Нұрлан Әубәкіров.


“Жаяу жүрудің пайдасы көп. Біріншіден, бұл денсаулық үшін өте қолайлы, екіншіден барлығын өз көзіңмен көруге мүмкіндік бар”, – деп атап өтті әкім.

Ол күніне 5 шақырымнан кем жүрмейтінін де айтып өтті. Сонымен қатар, Қарағанды әкімі түйіні қиын мәселелерді шешіп беретіндігін де жеткізді.