Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлайды.
“Жастардың өзін-өзі басқару күні” акциясын 21 қараша күні қала билігі ұйымдастырды. Бұл күні “Жастардың өзін-өзі басқару аптасының” екі кезеңінде жеңімпаз атанған жас қаланы басқарды. Қарағанды әкімі креслосына жас студент Юрий Михуля отырды.
Мемлекеттік тілде таза сөйлейтін ол, сондай-ақ, ұлттық аспап қобызда да еркін ойнай алады.
“Қаладағы жағдайды бақылауға ала отырып, Юрий Михуля әкім Нұрлан Әубәкіровқа қаланы қардан тазартуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Енді колледж студенті мемлекеттік қызметке араласып, халыққа қызмет етуді мақсат етіп отыр”, – деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.