Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды - ақпарат көзі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды - ақпарат көзі

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды - ақпарат көзі

ҚАРАҒАНДЫ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департаменті Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Александр Воробьевтің үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қаржы полициясының ақпарат көзінен.

  • 2 Ақпан 2007
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Воробьев өзінің заңға қайшы жасаған әрекеттерінің салдарынан Қарағанды құрылыс компаниясының 26 млн теңге көлемінде шығынға батқан үшін айыпталуда»,- деді тілшімен сұхбаттасушы.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Қарағанды құрылыс компаниясы қаланың элиттік ықшамаудандарында коттедждер салумен айналысады. «Жұмыстың қызған шағында, қала әкімінің құрылыс және жер пайдалану мәселелері жөніндегі орынбасары А. Воробьев аталмыш фирмада қажетті құжаттары жоқ, деген сылтаумен жылжымайтын мүлік жөніндегі орталыққа жер телімдерінің ауыртпалығын салуды талап еткен». «Әкім орынбасарының қойған талабы сол кезде-ақ қанағаттандырылған. Соның салдарынан құрылыс жұмысы тоқтап қалған»,- деді ақпарат көзі.

Қаржы полициясының қызметкерлері жүргізген тексеру, әкімшіліктің жергелікті өзін-өзі басқару заңын бұзғаныдығын анықтап отыр. «Воробьевтың құрылысшылардың мүлігіне ауыртпалық салуға құқы жоқ болған»,- деп түсіндірді ол.

Қазіргі уақытта, оның ақпараттарына сүйенсек, «салынған ауыртпалық кері қайтарылып, құрылыс өз жалғасын тапты, сондай-ақ, қаржы полициясының тергеу жұмыстары жалғасуда». «Фирмаға келген 26 млн теңге көлеміндегі шығынды кімнің қайтаратындығы, тергеу аяқталғанда белгілі болмақ»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті