Жарияланды: 330

Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы таңертеңнен бастап жанданды

Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы таңертеңнен бастап жанданды

Көктайғаққа байланысты кеше Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары аумағында жабылған республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы бүгін таңғы 06:00-ден бастап жанданды.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады. Атап айтқанда, кеше Қарағанды облысы аумағында сағат 16:00-ден бастап «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1069-1135 шақырымындағы «Молодежный-Павлодар облысы шекарасы» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Сондай-ақ Павлодар облысы аумағында да ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 205-259 шақырымы бойындағы «Шідерті-Ақмола облысының шекарасы» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. Сонымен қатар аталған уақыттан бері «Қызылорда-Павлодар» жолының 1309-1135 шақырымы аралағында «Қалқаман-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған болатын. Ал Ақмола облысы аумағындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 156-205 шақырымындағы «Ерейментау-Ақмола облысының шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылғандығы туралы хабарланған еді. Бүгін таңертеңнен бастап бұл жолдардың барлығы ашылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін