Жарияланды: 590

Қарағанды билігі қалалық бақты абаттандырудың халықтық жобасын жасауды ұсынады

Қарағанды билігі орталық мәдениет және демалыс бағын абаттандырудың халықтық жобасын әзірлеуді ұсынады, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

Қарағанды әкімшілігінің ресми сайтында «Орталық бақты абаттандыру туралы сіздің ұсынысыңыз» атты айдар ашылды. Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішевтің айтуынша, орталық бақты 2015-ші жылға дейінгі дамытудың жобасы облыс басшысы Серік Ахметовтың тапсырмасы бойынша әзірленіп жатыр. «Қарағанды әкімшілігі БЛКЖО (ВЛКСМ) 30 жылдығы атындағы орталық мәдениет және демалыс бағын абаттандыруға арналған «Бақты бірге абаттандырайық» жобасын бастап жатыр. Бақ қалалықтардың дәстүрлі тынығу орны. Ол балаға да, кәріге де қымбат. Мұнда демалыс сайын отбасылар келеді, концерттер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өтеді, ғашықтар кездеседі, балықшылар да тынығу сағаттарын өткізеді. Сондықтан әрбір қарағандылық бақты абаттандыруға өз үлесін қоса алады», - делінген әкімшілік сайтында орналастырылған хабарда. Билік бір де ұсынысты назардан тыс қалдырмауға уәде етуде. «Өздеріңіздің ұсыныстарыңызды нақты және тәптіштеп көрсетуге тырысыңыздар. Батыл идеялардан қорықпаңыздар! Бақты абаттандырғанда сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз ескеріледі», - дейді басшылықтағылар. Бірінші күні-ақ сайтта ұсынытар айтыла бастады. «... Біздің қалада бақ салу мәдениетінің жоқтығына өте қатты алаңдаймын», - дейді қарағандылық Павел Шумкин. Оның пікірінше бақта ең алдымен жасыл желекті жаңарту керек. «... Бұл бақты біздің ата-аналарымыз отырғызды. Пионер кезімде мен де онда ағаш отырғызғам. Сол кезден бері талай жыл өтті, және ондағы ағаштардың негізгі массасы – үйеңкі мен теректер өздерінің биологиялық жасын жасап та қойды», - деді Қарағандының тұрғыны. Қала басшылығы бақта экологиялық сенбілік өткізуді ұсынды. Қала басшылығы баққа тиесілі 70 га жерді қоқыстан тазартпақшы. Қарағандыдағы орталық мәдениет және демалыс бағы 1936-шы жылы салынған. Оның территориясында 2 га жерге қайың тоғайы егілген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть