Жарияланды: 770

Қарағанды электр металлургия комбинаты 2013 жылы кальций карбидінің өндірісін 4 есеге арттырмақ

Қарағандыда электр металлургия комбинаты карбид өндірісін кеңейтіп отыр, деп хабарлады зауыттың директоры Болат Жапарғалиев.

Карбид өндірісінің көлемін арттыру жөніндегі жобаны орындау мәселесі шапшаңдатылған индустриалды-инновациялық даму жөніндегі үйлестіруші кеңестің отырысында мақұлданды, отырысқа Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсакйынов төрағалық еткен болатын. "Электр металлургия комбинаты Қарағанды облысында химия өнеркәсібінің жетекші кәсіпорны болып табылады. Өндірілетін өнімнің көлемін арттыру экспорт мөлшерін арттыруға және бюджетке тұрақты түсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", деді Б.Жапарғалиев отырыста. "2013 жылы кальций карбиді көлемін 4 есеге, яғни 1000 тоннаға дейін арттыру көзделген. Ол шағын ыдыстарға 20 килодан салынып, Ресейде сатылады. Кальций карбидін сатудан түсетін экспорттық түсімнің мөлшері 24 млн долларды құрамақ", деді Б.Жапарғалиев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін