Қарағанды мектебінде сары аурудың қайдан шыққаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды мектебінде сары аурудың қайдан шыққаны белгілі болды

Қарағанды мектебінде сары аурудың қайдан шыққаны белгілі болды

Дәрігерлердің айтуынша, «А» гепатитінің антигені қызылша мен шомырда анықталған.

  • 31 Қаңтар 2018
  • 224
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, ол оқу ордасындағы би кешіне үйден әкелінген салқын сусыннан тараған, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Нәтижесінде 17 оқушы «А» гепатитін жұқтырды. Жалпы облыс бойынша 51 адам осы ауру түрімен ауырған. Оның 34-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

Дәрігерлердің айтуынша, «А» гепатитінің антигені қызылша мен шомырда анықталған. Енді қала базарларындағы көкөністерге толық тексеріс жүргізілмек.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:


— Осы аптаның аяғына дейін тағы он мың дозасы түседі. Оқшауға вакцинаның саны толық алынды. Ақпан айының ортасына дейін тағы 60 мың доза әкелінеді. Инфекциялық ошақтарда болған, қарым-қатынаста болған оқушыларға 14 жасқа дейін тегін егіледі.

Соңғы жаңалықтар