Қарағанды мектебіндегі тамақтан улану оқиғасына байланысты облыстағы барлық оқу орындары тексеріледі - МСЭС - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды мектебіндегі тамақтан улану оқиғасына байланысты облыстағы барлық оқу орындары тексеріледі - МСЭС

Қарағанды мектебіндегі тамақтан улану оқиғасына байланысты облыстағы барлық оқу орындары тексеріледі - МСЭС

Қарағанды. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды мектебіндегі тамақтан улану оқиғасына байланысты облыстағы барлық оқу орындары тексеріледі. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім бастығы Қаламқас Баймұқанова мәлім етті.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бүгінгі жағдаймен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеті оқушы «өткір ішек инфекциясы, энтероколит» диагнозымен жатқызылған. Олардың жағдайы орташа, ауру жеңіл түрде өтуде. «Улану оқиғасынан кейін бірден 65 адам дәрігерге жүгінген, соның ішінде 7 адамның диагнозы расталған, қалғаны қазір тексеріліп жатыр».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар