Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясының студенттері болып табылатын Пәкістандық азаматтар өздерін оқу орнынан шығару жөніндегі шешімге қарсы сотқа шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясының студенттері болып табылатын Пәкістандық азаматтар өздерін оқу орнынан шығару жөніндегі шешімге қарсы сотқа шағымданды

Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясының студенттері болып табылатын Пәкістандық азаматтар өздерін оқу орнынан шығару жөніндегі шешімге қарсы сотқа шағымданды

Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясының емдеу факультетінің 6-курс студенттері болып табылатын Пәкістандық үш азамат оқу орнынан шығарылып, оларға мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат берілмеген болатын. Академия әкімшілігінің мұндай шешіміне қарсы шетелдік студенттер сотқа шағымданады. Сөйтіп Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық №2 соты студенттер өтінішін толық қанағаттандырып, студенттер мемлекеттік емтихан тапсыра бастады.

  • 26 Маусым 2003
  • 1138
Фото - Caravan.kz

Студенттердің адвокаты Игоь Кирьяновтың хабарлауынша, шетелдіктер биылғы жылдың ақпан айында Ош мемлекеттік университетінен Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясына ауысқан көрінеді. Үш студент те қажетті құжаттарды тапсырып, оқыту ақысын төлеп оқуға қабылданыпты. Алайда академия әкімшілігі Ош университеті студенттердің жеке істерін Қарағандыға жібермеді деген сылтаумен оларды оқудан шығару жөнінде шешім қабылдаған . Адвокаттың айтуынша, оқу орнын ауыстырған кезде студенттің жеке ісін талап ету — қабылдаушы жақтың айрықша құқығы болып табылады. Адвокаттың пайымдауынша, Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясының басшылығы ҚР білім және ғылым министрлігінің «студенттерді бұрынғы оқуына қайтадан қабылдау және оқу орнын ауыстыруы жөніндегі» бұйрығы талаптары мен Академияда шетелдік студенттерді оқыту жөніндегі келісім шартының бірқатар бөлімін бұзған.

Тағы бір белгілі болғаны, академия басшылығының сол бұйрығымен жыл басында Ош Университетінен ауысқан тағы 20 пәкістандық оқудан шығарылған көрінеді. Студенттер қалыптасқан ахуал туралы Пәкістан елшілігін хабардар етті. Олардың барлығы да академия ректорының бұйрығына қарсы сотқа шағым түсірмек.
Ал Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясының басшылығы болса бірінші инстанциялы сот шешіміне қарсы облыстық сотқа шағым түсірмекші.

Соңғы жаңалықтар