Қарағанды мемлекеттік университеті экономика және заңгерлік мамандықтар бойынша өз гранттарын тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды мемлекеттік университеті экономика және заңгерлік мамандықтар бойынша өз гранттарын тағайындады

Қарағанды мемлекеттік университеті экономика және заңгерлік мамандықтар бойынша өз гранттарын тағайындады

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті аталмыш жоғары оқу орнында экономика және заңгерлік мамандықтар бойынша білім игеруді қалаған мектеп түлектеріне өз гранттарын тағайындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды мемлекеттік университетінен хабарлады.

  • 5 Шiлде 2004
  • 1031
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы мемлекет аталмыш мамандықтар бойынша оқыту грантын бөлмегені белгілі. Алайда, еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының заңгерлік және экономикалық факультеттері мектеп түлектері үшін тіпті төлемді негізде болса да қызығушылық тудырып отыр. Осы мамандықтар бойынша оқуға түсушілердің деңгейі де жоғары.

Осыған байланысты Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорат мәжілісінде «Алтын белгі» иегерлері үшін білім ордасының жеке гранттарын тағайындау туралы шешім қабылданды. Қазіргі жағдаймен Алтын белгіге ие болған үш түлек Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетінде университет гранты бойынша оқуға тілек білдіріп отыр.

Перейти к новостям спорта