Қарағанды мен Теміртауда хоккейден Қазақстанның ІІІ Қысқы спартакиада ойындарының ақтық кезеңі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды мен Теміртауда хоккейден Қазақстанның ІІІ Қысқы спартакиада ойындарының ақтық кезеңі басталды

Қарағанды мен Теміртауда хоккейден Қазақстанның ІІІ Қысқы спартакиада ойындарының ақтық кезеңі басталды

Бүгін Қарағанды мен Теміртау қалаларында хоккейден Қазақстанның ІІІ Қысқы спартакиада ойындарының ақтық кезеңі басталды.

  • 5 Ақпан 2013
  • 306
Фото - Caravan.kz

Ал ертең жарыс жолына Шымкент қаласында мәнерлеп сырғанаушылар шығатын болады.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының хабарлауынша, қысқы спорттың 15 түрі бойынша сәуір айына дейін созылатын бұл жарыс 8 қалада өтпек. Оның басты мақсаты Сочиде өтетін ХХІІ Қысқы олимпиада ойындарына қатысу үшін резервті және үміткерлерді қарастыру.

Бұған дейін олар 1-ші кезеңде оқу орындарында, ұйымдардың, мекемелердің ұжымдарында, әскери бөлімшелерде және тұратын жері бойынша спорттың бөлек түрлерінен өткізілетін бұқаралық жарыстарға қатысқан болатын. Екінші кезеңде, облыстық және қалалық спартакиадалар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуымен дене шынықтыру және спорт бойынша жергілікті атқару ұйымдарының ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл сынақтан сүрінбей өткендер енді 3-ші ақтық сында бақ сынайтын болады. Онда жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болған команда ауыспалы Кубокпен және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің дипломдарымен марапатталады. Екінші және үшінші орындарға ие болған командалар Кубоктермен және сәйкес дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

2003 жылы өткен І Қысқы спартакиадада — биатлон, тау шаңғы спорты, коньки спорты, шаңғы жарысы, серпілмеден шаңғымен секіру, фристайл, ерлер арасындағы шайбалы хоккей, допты хоккей, шорт-трек сияқты 10 спорт түрінен ұйымдастырылыған болатын. Онда ақтық жарыстар Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы, Астана қалаларында өтті. Ал ІІ спартакиада 2009 жылы 14 спорт түрі бойынша ұйымдастырылды. Онда жалпы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысы бірінші орынды еншілеп, Алматы қаласы мен Павлодар облысы 2-3 орынды бөліскен еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера