«Қарағандыда 2004-2006 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелері қаланың бас жобасы ескерілместен берілген», -дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Сонымен қатар, Абай қаласының әкімдігі 1967 жылы облыстық атқару комитеті бекіткен қолданыстағы бас жобаны түзетуге немесе жаңа жоба жасауға ешқандай әрекет етпеген. Ол жоба 2000 жылға дейін арналған.
Прокуратураның жүргізген тексеруі нәтижесінде, құрылыс жобаларының сараптамадан өту тәртібінің бұзылғандығы , халықты бос жатқан жер учаскелері туралы ақпараттандыру туралы заң талабының орындалмағаны және баспаналардың заңсыз бөлінгені анықталды.
Заңның сақталуына қатысты жүргізілген тексеру кезінде Қарағанды облысының прокуратурасы құрылыс саласында 30-ға жуық заң бұзушылықты анықтады, олқылықтарды жоюға қатысты 23 ескерту және жергілікті атқару органдарының заңсыз актілеріне 11 наразылық жасалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті