Қарағанды облыстық ІІД-нің бастығы мезгілсіз дүние салды
|
Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Нұрлан Рахымберлин мезгілсіз дүние салды. Генарал-майор ауыр дертке шалдыққанына қарамастан ақтық демі үзілгенше өңірдегі полицияға жетекшілік жасап келген болатын.
Марқұммен қоштасуға жиналған халық қарасы көп. Қызметін учаскелік инспектордан бастаған ол өмір жолында Ішкі істер министрлігінің түрлі басқармаларында қызмет атқарды. Еңбегі еленіп, түрлі марапаттарды да алған. Ал 2010 жылы Балқаш қаласындағы түрмеден қашпақ болған лаңкестерді тоқтату операциясын өзі басқарғаны үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалін иеленген. Қатерлі ісікке шалдыққанына қарамастан дерт азабын еңбекпен жеңіп келген азаматты ақтық сапарға ел болып аттандырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін