Қарағанды облыстық прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметінен "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыруда жіберілген заң бұзушылықтарды анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облыстық прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметінен "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыруда жіберілген заң бұзушылықтарды анықтады

Қарағанды облыстық прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметінен "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыруда жіберілген заң бұзушылықтарды анықтады

Қарағанды. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облыстық прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметінен "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыруда жіберілген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі прокуратураның баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2008
  • 384
Фото - Caravan.kz

Мәчселен, Шахан ауылында «Шахтинск құрылыс бөлімі» мемлекеттік басқармасы қол қойған атқарылған жұмыстардың актісінде көрсетілгендей, мердігер 2 981,4 мың теңгенің түрлі құрылыс жұмыстарын атқарған.

Ал іс жүзінде аталған жұмыс тар атқарылмаған. Бұл бюджет қаржысын заңсыз бөлуге алып келген.

«Шахтинск құрылыс бөлімі» мемлекеттік басқармасы қызметкерлерінің су көзінің бар-жоқтығына барлау жұмыстарын өткізу мақсатында техника-экономикалық негіздеме жасауға шара қолданбаған жұмысқа немқұрайдылығы салдарынан Долинка ауылының 4 мыңнан астам тұрғыны бүгінгі күнге дейін сумен дұрыс қамтамасыз етілмеген. Ал тиімсіз пайдаланылған бюджет қаржысының көлемі 46 млн теңгеден асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар