Қарағанды облыстық қаржы полициясының қызметкерлері ірі көлемдегі контрабандалық спирт тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облыстық қаржы полициясының қызметкерлері ірі көлемдегі контрабандалық спирт тәркіледі

Қарағанды облыстық қаржы полициясының қызметкерлері ірі көлемдегі контрабандалық спирт тәркіледі

Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында қаржы полициясының қызметкерлері Балхашта ірі көлемдегі контрабандалық спирт тәркіледі. Оны Балхаштық екі тұрғын Қарағанды облысының аумағына Жамбылдан әкелген көрінеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 327
Фото - Caravan.kz

Барлық тауар партиясы мен оның қожайындары спиртті бір Балхаштық кәсіпкерге сатқалы жатқан жерінен қолға түсті. Олардан барлығы 550 мың теңгеге бағаланған 1000 литр спирт тәркіленді. Ұсталғандар спиртке ілеспе құжаттар мен лицензия көрсете адмады.

Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, спиртті әлгілер жасырын арақ өндіретін цехтарға сатуды жоспарлаған екен. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар