Қарағанды облысы: 18 үздік спортшы ҚР қоян-қолтық ұрыс чемпионатында бақтарын сынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысы: 18 үздік спортшы ҚР қоян-қолтық ұрыс чемпионатында бақтарын сынайды

Қарағанды облысы: 18 үздік спортшы ҚР қоян-қолтық ұрыс чемпионатында бақтарын сынайды

Қарағанды облысында іріктеу турының нәтижелері бойынша 18 жауынгер қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионатқа қатысады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шара ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналуда.

  • 14 Қыркүйек 2011
  • 572
Фото - Caravan.kz

«Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қоян-қолтық ұрыстан өткен сайыс, 10 қыркүйек күні өтті. Аталған байқауға бас-аяғы 25 команда қатысты. Оның 12-сі облыстың ішкі істер органдары қызметкерлерінен болса, 13-і облыс және қала спорт клубтарынан жиналды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

25 команда арасында өткен қоян-қолтық ұрысы таң сәріден кешке дейін жалғасты. Сайыстың қорытындысы бойынша 1-ші топтағы командалар бойынша жүлделі бірінші орынды «Арлан АМЖ» қызметкерлері, 2-ші орынды Шахтинск қаласының Ішкі істер бөлімі, ал үшінші орынды Саран қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қанағат тұтса, 2-ші топта өткен сайыс қорытындысында бірінші орын Қоян-қолтық ұрыс бойынша Қарағанды федерациясы, 2-орын ҚР ІІМ ІӘ «Бүркіт» арнайы бөлімшесі, ал 3-ші орынды ҚР ҚМ 22-450 әскери бөлімі қанжығаларына байлады. Баптары келіп, бақтары жанғандар медальдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бас төрешілердің шешімі бойынша Республикалық чемпионатта кеншілер шахарының намысын қорғауға облысымыздан 18 жауынгер қатысатын болса, оның төртеуі Қарағанды облысы ішкі істер органдарының қызметкерлері.

Қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионат Қарағандыда 24-25 қыркүйекте өткізіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера