Жарияланды: 360

Қарағанды облысы аумағындағы республикалық жолдар ашылды

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша еліміз аумағында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелген республикалық жолдардағы жағдайды ұсынамыз.

Алматы облысы бойынша 12 қаңтардан бері "Үшарал-Достық" жолының 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Ал 15 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Үшарал-Шығыс Қазақстан обл. шекарасы" аралағында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Шығыс Қазақстан облысында 15 қаңтардан бастап қолайсыз ауа райына (байланысты "Алматы-Өскемен" жолының 615-775 шақырымындағы "Алматы обл. шекарасы-Аягөз" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. 15 қаңтар сағат 16.00 бері "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" жолының 15-191 шақырымындағы "Белоусовка а.-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Ал 16 қаңтар сағат 09.45 бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" жолының 32-123 шақырымындағы "Предгорное-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 16 қаңтар сағат 15.50 бері қолайсыз ауа райына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 320-525 шақырымындағы "Қарағанды обл-Баршатас" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. 16 қаңтар сағат кешқұрым "Өскемен-Зырян-Қатонқарағай" жолының 174-337 шақырымындағы "Зырян-Катонқарағай" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 17 қаңтар сағат 07.45 бастап 252-337 шақырымындағы "Үлкеннарым-Қатонқарағай" аралығында жол ашылды. 16 қаңтар сағат 18.00 бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Семей-Новоалтайский-РФ" жолының 2-113 шақырымындағы "Семей-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 17 қаңтар сағат 06.45 бастап шектеу алынды. Қарағанды облысы бойынша барлық бағыттарда жолдар бүгін сағат 08.00 ашылды. Павлодар облысында кеше сағат 18.30 бастап "Ульяновский-Керней-Баянауыл-Майқайың-Қалқаман" жолының 93-324 шақырымындағы "Қалқаман-Қарағанды обл." аралығында жол жабық. Ақмола облысы бойынша кешеден бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 16-205 шақырымындағы "Астана қ.-Павлодар обл" аралығында көліктердің жолға шығуына тыйым салынған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін