Қарағанды облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы тағайындалды
Қарағанды облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын 36 жастағы Азамат Мұқанов басқаратын болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. |
«Облыс әкімі Әбілғазы Құсайыновтың өкімімен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болып А.Мұқанов тағайындалды», - делінген хабарламада. Бұған дейін ол облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
А.Мұқанов «экономист» мамандығы бойынша жоғары білімі бар, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады. Банк саласында, коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде министрдің баспасөз хатшысы - БАҚ-пен қызметін қамтамасыз ету басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің қаржыландыру басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі сондай-ақ облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне 38 жастағы Баян Жұртыбаеваның тағайындалғанын хабарлайды. Бұған дейін ол облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Бұған дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде іс жүргізу инспекторынан Азаматтық авиация комитетінің талдау жұмысы басқармасының бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін