Қарағанды облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол апаттарынан үш адам қаза тауып, 14 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол апаттарынан үш адам қаза тауып, 14 адам зардап шекті

Қарағанды облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол апаттарынан үш адам қаза тауып, 14 адам зардап шекті

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысында болған жол апаттарынан үш адам қаза тауып, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қараша 2008
  • 530
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 9 қарашада сағат 06.25-те Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Қызылорда — Павлодар тас жолының 553-ші шақырымында «КамАЗ» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Қарағанды- Жезқазған бағытында кетіп бара жатқан, ішінде 30 адамы бар «МАН» жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Апат салдарынан 12 адам зардап шекті: «КамАЗ» жүргізушісі мен оның 39 жастағы жоалушысы, «МАН» автобусының 5 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылып, тағы бес жолаушы дәрігерлік көмектен кейін үйлеріне жіберілді.

Сондай-ақ, ОҚО Ордабасы ауданында 9 қарашада сағат 03.40-та Шымкент — Бадам — Арыс тас жолының 4-ші шақырымында «Фольксваген» және «Опель» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «Опель» көлігінің 29 жастағы жүргізушісі, оның 28 жастағы жолаушысы, сондай-ақ, «Фольксваген» көлігінде отырған 49 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тауып, «Фольксваген» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен оның 42 жастағы әйел жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар