Бұл туралы бүгін облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның ақпараты бойынша, қайғылы оқиғалар 27 маусым күні Осакаровка және Бұқар жырау аудандарында болған.
«Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылынан 1 шақырым жердегі жазықта 11 және 6 жасар екі қыз балаға жай түскен. 11 жасар қыз сол жерде көз жұмса, 6 жастағы қыз бала Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізілді», — делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Осакаровка ауданында Приишимское ауылынан 12 шақырым жердегі өрісте ферма қожалығының 34 жастағы малшысына жай түсіп, мерт болған.