Қарағанды облысында 34 жастағы ер адам мен 11 жасар қызға жай түсіп, қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 34 жастағы ер адам мен 11 жасар қызға жай түсіп, қайтыс болды

Қарағанды облысында 34 жастағы ер адам мен 11 жасар қызға жай түсіп, қайтыс болды

Қарағанды облысында 34 жастағы ер адам мен 11 жасар қызға жай түсіп, қайтыс болды.

  • 29 Маусым 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның ақпараты бойынша, қайғылы оқиғалар 27 маусым күні Осакаровка және Бұқар жырау аудандарында болған.

«Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылынан 1 шақырым жердегі жазықта 11 және 6 жасар екі қыз балаға жай түскен. 11 жасар қыз сол жерде көз жұмса, 6 жастағы қыз бала Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізілді», — делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Осакаровка ауданында Приишимское ауылынан 12 шақырым жердегі өрісте ферма қожалығының 34 жастағы малшысына жай түсіп, мерт болған.

Соңғы жаңалықтар