Жарияланды: 290

Қарағанды облысында 4 адам ажал құшты

Қарағанды облысында автобус пен «Тойота Камри» жеңіл көлігінің соқтығысуы салдарынан 4 адам көз жұмып, 1-уі зардап шекті, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның берген мәліметтеріне қарағанда, апат Ақсу-Аюлы-Балқаш тас жолында орын алған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жол-көлік апатына автобустың жүргізушісі себепші болған. «Балқашқа бара жатқан 29 жастағы MAN автобусының жүргізушісі өтпелі жолда бұрылмақ болып, «Тойота Камри» көлігімен соқтығысты. Оны 43 жастағы ер адам басқарған. Жол-көлік апатының салдарынан Тойотаның жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы да бір жолаушы жарақаттармен Ақсу-Аюлы кентінің ауруханасына жеткізілді»,- деп хабарланды облыстық ІІД-нен. Автобустың жүргізушісі айтарлықтай жарақаттанған жоқ. Жол-көлік апатының фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама белгіленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін