Қарағанды облысында 4 шахташы үйінділер астында қалып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 4 шахташы үйінділер астында қалып қойды

Қарағанды облысында 4 шахташы үйінділер астында қалып қойды

7 қараша күні сағат 04.35-те Қарағанды облысының Шахтинск қаласында,

  • 7 Қараша 2012
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД-нің «Қазақстан» шахтасында (пласт Д6 Батыс 1, 312-ші конвейір штрекі) забой сағасынан (забой ұзындығы 342 метр) 18 метр жерде төбе жабындысы опырылып құлады.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, салдарынан үйінділер астында 4 адам қалып қойды: 1972 жылғы Михайлов В., 1988 жылғы Анисимов П. есімді үңгушілер, 1958 жылғы Тілеуленов Е., 1971 жылғы Лапушкин Д., есімді жұмысшылар. Олармен металды құбырды соғу арқылы байланыс орнатылды. Газ жағдайы бақылануда, забойға сығылған ауа жеткізілуде. Шахтаның жұмысы тоқтатылған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай орнына «Көмір» ВААС 18 адамы мен 3 техникасы, Қарағанды облысы бойынша ТЖД-нің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар