Жарияланды: 410

Қарағанды облысында әлеуметтік «Балқаш-Қарағанды» әуе рейсі ашылды

Қарағанды облысында ішкі рейстер «Балқаш-Қарағанды» бағытымен ұша бастады, деп Балқаш қалалық әкімшілігінен хабарлады.

«Екінші жартыжылдықтан бастап Балқашта әлеуметтік маңызды бағытпен Қарағандыға аптасына үш рет ұшақ ұша бастайды. Ол 32 орындық Як-40 ұшағымен жүзеге асырылады», - деді қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жанат Баитов. Оның айтуынша, қалада авиатасымалдау 15 жыл атқарылмапты. «Балқаштан ұшақ дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұшады. Облыс оратылығынан аптаның жұп күндері ұшады. Ұшу уақыты 50 минут», - деді Ж. Баитов. «Әлеуметтік маршруттар бюджеттен дотация алатындықтан билет құны 5 мың теңге», - деді ол. Бөлім бастығының айтуынша, келешекте «Балқаш – Алматы» бағытымен де рейс ашу жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін