Қарағанды облысында АҚШ елшілігінің қызметкері жол апатынан мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында АҚШ елшілігінің қызметкері жол апатынан мерт болды

Қарағанды облысында АҚШ елшілігінің қызметкері жол апатынан мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. 9-қазан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында АҚШ елшілігінің кеңесшісі Дин Рэйчел жол апатынан мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне жол полициясының қызметкерлері хабарлады.

  • 9 Қазан 2006
  • 381
Фото - Caravan.kz

Жол апаты 30-қыркүйекте 15 сағат 20 минутта Қарағанды облысының Спасск ауылынан 10 шақырым жерде болған. «30 жастағы елшілік қызметкері «Ниссан-Экстрим» автокөлігін басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «ГАЗель» маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған. Онда жүргізушімен бірге 55 жастағы Қостанай тұрғыны отырған». Қақтығыс салдарынан екі автокөлік те жанып кеткен. Әріптесінің артынан «Мицубиси Паджеро» автокөлігімен келе жатқан Қазақстандағы АҚШ елшілігінің хатшысы Ботс Томас жол апаты болған жерге көмекке жетеді. Алайда, оның көлігі де өртеніп кеткен.

Жол апаты мен өрт салдарынан Дин Рэйчел қаза тауып, «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен және күйікпен Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына келген Спасск өрт сөндірушілері өртті сөндіргенімен, үш көлікті де жалын жойып жіберді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта