Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» лагерінде 40-қа жуық бала уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» лагерінде 40-қа жуық бала уланып қалды

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» лагерінде 40-қа жуық бала уланып қалды

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Факел» сауықтыру лагерінде балалар жаппай уланып қалды.

  • 30 Шiлде 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Жақтау» металлургтер кәсіподағынан хабарлады.

«Бізге балалары лагерьде демалып жатқан ата-аналардан қоңырау келіп түсті. Бірден комиссия жібердік. Мамандар тексеріп, акті жасады. Лоқсып, бастары ауырып, құсқысы келген шағымдарымен медпунктке 39 шақты бала жүгінгені тіркеліпті», — деді «Жақтау» кәсіподағында.

Лагерге тұтынушылардың құқытарын қорғау департаментінің медиктері мен өкілдері келді. Олар жаппай уланудың мән-жайын анықтауда. Мамандар әзірге бұл оқиғаға қатысты еш түсінік берген жоқ.
Ауырып қалған балалардың ата-аналары Теміртау қалалық прокуратурасына шағым түсірді.
Кәсіподақ мәліметіне сүйенсек, бұл лагерде осы маусымда 216 бала демалып жатыр.


Соңғы жаңалықтар