Қарағанды облысында ашық карьерде тау жыныстарын түсіру барысында жұмысшы қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында (Жезқазған қаласынан оңтүстікке қарай 160 шақырымда) "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жезқазғанцветмет" ЖШС аумағындағы "Тасқора" атты ашық карьерде 7 қыркүйекте тау жыныстарын түсіру барысында "Катерпиллер" еңістен ылдиға қарай сырғып, аударылып кеткен. Соның салдарынан 58 жастағы жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.