Жарияланды: 420

Қарағанды облысында автобусқа қарақшылық шабуыл жасалды

Қарағанды. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында автобусқа қарулы қарақшылық шабуыл жасалды, жолаушы ірі көлемдегі ақшасынан айрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шабуыл оқиғасы Екатеринбург - Алматы тас жолында, сағат 22.00 шамасында Осакаров ауданының Ошағанды ауылынан бір шақырым жерде болған. 30 жастағы ОҚО тұрғыны айдаған "Мерседес-Бенц" автобусы Астанадан Шымкентке бет алған. Үш белгісіз қылмыскер автобусты тоқтатып, аңшы карабині, жарақаттағыш "ОСА" және газды "ИЖ" тапаншаларын көрсету арқылы қорқытып, 26 жастағы Өзбекстан азаматынан 40 мың долларды тартып алған. Бұдан кейін қарақшылар шетелдік көлікпен іздерін жасырып кеткен. "Перехват" жоспары жарияланғанымен, қарақшылар ұстатпай кетті. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін