Мекеме ақпаратына сәйкес, апат бүгін түнде 02 сағат 10 минутта болған. «ВАЗ-21099» автокөлігінің жүргізушісі жылу электр орталығының маңында жүріп жылу құбырын қағып кетті.
Оқыс оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында опат болып, бес жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.